Иран мен Сауд Арабиясы бес жыл бұрын үзіліп қалған дипломатиялық қатынастарды қалпына келтіру үшін тікелей келіссөздерді бастады. Мұны Британияның «Файниэншл таймс» газеті хабарлап отыр. Басылымның дерегінше, кездесу сәуірдің 9-да Бағдадта өтіп, келесі аптада қайта жалғаспақ.
Болжамдарға қарағанда, бұл диалогтың басталуына Саудияның Йеменде алты жылға созылған соғысты аяқтау және АҚШ-тың жаңа президенті Джон Байденге жағу ниеті себепші.
Айта кетсек, қазір Вашингтон Иранмен арадағы ядролық келісімді қалпына келтіріп, Тегеранды санкциядан босату жолдарын қарастыруда. Ал, Йемендегі әскери жанжалда Иран қолдаған шиит-хуситтер Саудияға сүйенген үкімет армиясымен соғысып жатыр.
Арыстан Рысбек