Семейдің қоқыс полигонына 6 млрд 800 млн теңге қаражат керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейдің қоқыс полигонына 6 млрд 800 млн теңге қаражат керек

18.04.2021

Мемлекеттік – жекеменшік әріптестік аясындағы жобалардың бейнелеп айтқанда «мәссаған» деп, көзің шарасынан шығатындай «қырлары» бар екені рас. Жобалардың құнына байланысты, дәлірегі өте қымбат көрінеді және ондағы мемлекеттің үлесі мен әріптес болған жекеменшіктің үлесіне байланысты – мемлекет үлесі тым үлкен.

Екі жылдай бұрын Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қ.Тоқаев мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясындағы жобалардың құнының 90 проценттен астамын мемлекет құятынын, бұл мемлекеттік-жекеменшік әріптестік идеясына қайшы екеніне тоқталған. Яғни мемлекет ақшасын үнемдеуі тиіс инструмент керісінше, бюджет теңгесі құйылатын «түпсіз бөшкеге» айналған сияқты. Біз сияқты проблемасы өте көп дамушы мемлекетте бюджеттің әр теңгесі мақсатты, тиімді жұмсалуы керек емес пе?! Иә, бұл жерде «Күлкімді келтірмеңізші» деген сөз айтылады. Бірақ қашанғы ащы күлкімен жүруге болады. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің кейбір «ұңғымаларына» Азамат Алдоңғар үңіліп көрді.


Хабарламаларға жазылу