Елімізде 6 мыңнан астам жұмысшы жалақысын ала алмай жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 6 мыңнан астам жұмысшы жалақысын ала алмай жүр

16.04.2021

300-ден астам кәсіпорында тексеріс жүргізген мемлекеттік еңбек инспекторлары осындай дерек келтіріп отыр. Айтуларынша оларға жұмыс берушілері бір миллиард теңгеден астам ақша қарыз. Қазір еңбек құқығын сақтамаған мекеме басшыларына нұсқама беріліп, 30 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды. Әрі жалақы бойынша берешекті өтеу үшін арнайы кесте жасалып, мерзімдері белгіленді.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу