Бензин бағасы жақында тұрақталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бензин бағасы жақында тұрақталады

16.04.2021

Бензин бағасын нарық реттейді. Энергетика министрлігі жанармай құнын бақылауға алып, оның қымбаттауына жол бермеу туралы депуттардың сауалына осылай жауап берді. Айтуларынша литрі 10-15 теңгеге қымбаттаған бензин құны қалыпты дәлізде. Бұған дейін де баға осылай өсіп, қайта түскен еді. Оның үстіне бағаны қолдан арзандату жағдайды ушықтырып жіберуі мүмкін дейді министрлік өкілдері. Өйткені кәсіпкерлер жанармайды қымбатқа сату үшін оны жаппай шет елдерге тасымалдауы мүмкін. Бұл тапшылыққа әкеледі. Айтуларынша баға жақын арада тұрақталуы тиіс. Қазір елімізде бензиннің қажетті қоры жасақталған.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу