Өткен тәулікте 2656 адам коронавирус жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өткен тәулікте 2656 адам коронавирус жұқтырған

16.04.2021

Елімізде кеше бір күнде коронавирус пен пневмониядан 28 адам қайтыс болды. Олардың ең көбі, яғни, 12-сі Алматы қаласында. Ал, қазір жалпы 37 мыңға жуық адам емделіп жатыр. 600-ден астамының жағдайы ауыр. Эпидахуал күн сайын күрделеніп барады.

Мәселен, 9 өңір әлі «қызыл» аймақта тұр. Олар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, сондай-ақ, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары. Ал, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстары «сары» аймақта. «Жасыл» аймақта Қостанай мен Түркістан облыстары ғана.

Кеше ел бойынша тағы 2656 адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Ал, вирустық инфекция белгілері бар пневмонияға 71 адам шалдыққан.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу