Пәкістанда бірнеше аптадан бері исламшыл топтардың наразылық акциялары жалғасып жатыр. Олар Мұхаммед Пайғамбардың карикатурасын жасауға рұқсат берген Франция билігіне қарсы шығып отыр. Өткен күні осындай шерулердің бірінде лаңкестікке қатысы бар деген айыппен «Техрик-и-Лабиак» исламшыл тобына тыйым салынып, оның лидері тұтқындалды. Осыдан кейін, демонстранттар полициямен қақатығысып, 2 тәртіп сақшысы мен 3 адам қаза тапқан. Елде Твиттер, Фейсбук сияқты әлеуметтік желілердің барлығы бұғатталды. Толқулар күшейгендіктен Франция Пәкістандағы азаматтарын елден кетуге шақырып отыр.
Жансая Қапасқызы