Солтүстік Қазақстанда Сегіз серінің зираты табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстанда Сегіз серінің зираты табылды

16.04.2021

Солтүстікқазақстандық өлкетанушылар ХІХ ғасырда өмір сүрген белгілі ақын, сазгер Сегіз серінің зиратын тапты. Зерттеушілер тарихи тұлғаның Тимирязев ауданындағы Дос көлінің жағасында жерленгенін анықтады. Биыл басына мазар орнатылмақ. Қазір моланы зерттеу жұмысы жүріп жатыр.

Ахметжан Қуантаев, өлкетанушы:
Сегіз серінің жерленген жері өзінің замандастарымен куәландырылған. 45 ақын жоқтау шығарған. Солардың ішінде Дос көлінің жағасында жерленген деген жолдар бар.

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу