Елімізде бір күнде коронавирус пен пневмониядан 25 адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде бір күнде коронавирус пен пневмониядан 25 адам қайтыс болды

15.04.2021

Елімізде кеше бір күнде коронавирус пен пневмониядан 25 адам қайтыс болды. Ал, қазіргі уақытта 36 мыңнан астам адам емделіп жатыр. Олардың 600-ге жуығының жағдайы ауыр. Яғни, эпидахуал күн сайын күрделеніп барады. 

Мәселен, осыған дейін «сары» аймақта болған Шымкент қаласы бүгін «қызыл» аймаққа өтті. Осылайша, олардың саны 9 болды. Шымкенттен бөлек, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, сондай-ақ, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары қауіпті аймақта. Ал, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстары «сары» аймақта тұр. «Жасыл» аймақта тек Қостанай мен Түркістан облыстары қалды.

Кеше ел бойынша тағы 2641 адам вирус жұқтырғаны анықталса, вирустық инфекция белгілері бар пневмонияға 85 адам шалдыққан.

Амангелді Сейітхан


Хабарламаларға жазылу