Ақордада әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақордада әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өтті

15.04.2021

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңес өтті. Жиында ел дамуының жаңартылған болжамы және республикалық бюджетті нақтылау жайы талқыланды. Биыл ішкі жалпы өнімнің нақты өсімі бекітілген көрсеткіштен 0,3 пайызға артып, 3,1% деңгейінде болады деп болжанып отыр. Инфляция деңгейі 4 - 6% аралығында сақталады.

Сондай-ақ, жол салуға, «Ауыл – ел бесігі» жобасын одан әрі іске асыру үшін кәсіпкерлерді қолдауға, «Жұмыспен қамтудың жол картасын» жүзеге асыруға және агро-өнеркәсіптік кешенді дамытуға қомақты қаражат бөлінеді. Пандемиямен күреске бөлінетін қосымша қаржы дәрігерлерге үстеме-ақы және медициналық қызметтердің ақысын төлеуге жұмсалады. Жиын қорытындысы бойынша Президент бюджет шығындарын оңтайландырып, кірісін арттыру, мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру және инфрақұрылым мен цифрландыруды дамыту жөнінде тапсырма берді.

Шерхан Жамбылұлы


Хабарламаларға жазылу