Қызылордада өрттен 3 бала қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада өрттен 3 бала қайтыс болды

10.01.2019

Қызылорда қаласының іргесіндегі Наурыз саяжайында тұрғын үй өртеніп, 3 бала қайтыс болды. Дәрігерлердің айтуынша, балалардың жасы 8, 7 және 5-те. Барлығына қатты иіс тиген. Екеуі сол жерде, біреуі ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болған. Одан бөлек, екі адам ауруханаға жеткізілді. Оның біреуінің жағдайы орташа, қазір тиісті ем алып жатыр. Ал, екіншісі алғашқы медициналық көмектен соң, үйіне қайтарылды. Мамандар қазір өрттің шығу себебін анықтауда. Сараптама қорытындысы 10 күннен кейін дайын болады. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Асқар Төлешов, облыстық Төтенше жағдай департаменті бастығының орынбасары:

 - Хабарлама 19:29-да түсті, өрт сөндіру қызметкерлері 19:45-те жетті. 19:55-те өрт толығымен сөнді. Көршілері өртті көргесін, көмекке келіп, терезені сындырып, үш баланы терезе арқылы алып шыққан. Балалар үйінде өздері болған.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу