Ақмола облысында екі ауылды тасқын судан қорғау жұмыстарына әскерилер жұмылдырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында екі ауылды тасқын судан қорғау жұмыстарына әскерилер жұмылдырылды

15.04.2021

Тасқынға тосқауыл. Ақмола облысына қарасты Целиноград пен Аршалы аудандары су астында қалмас үшін қосымша күш тартылды. Қарағанды өңірінен келген әскерилер әсіресе №42 Разъезд станциясы мен Жібек жолы ауылында тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Бүгін елді мекендердің айналасын құм салынған қаптармен қоршауға алды. Аршалы ауданында 6 мың 700 текше метрден аса су сорылды.

 Нұрлан Атығаев, Ақмола облыстық ТЖД бастығы:
Астана су қоймасынан ағын судың артуы салдарынан қос ауылға қауіп төнді. Соған байланысты Азаматтық қорғаныс полкінің 52/859 әскери бөлімі күштерінен 50 адам және 3 техника жіберілді. Төтенше жағдай департаменті Ақмола гарнизоны күштерінен де 30 адам, 3 техника, 4 мотопомпа күштері біріктірілді.

Нысаналы Ығыл 

Хабарламаларға жазылу