Egov порталы арқылы коронавирусқа қарсы вакцина алуға тіркелуге болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Egov порталы арқылы коронавирусқа қарсы вакцина алуға тіркелуге болады

15.04.2021

Енді вакцина алу үшін егов порталы арқылы онлайн режимде тіркелуге болады. 

Ол үшін Egov мобильді қосымшасындағы «Вакцинацияға жазылу» қызметін таңдау қажет. Содан кейін емдеу аймағын және медициналық ұйымды таңдап, «Қызметке тапсырыс беру» батырмасын басасыз. Егер азаматтың телефон нөмірі деректер базасында тіркелсе, пайдаланушыға сол ақпаратпен SMS келеді. Вакцинаның бірінші кезеңі автоматты түрде таңдалса, екінші кезеңнің уақыты дәрігер белгілейді. Айта кетейік, вакцинаны тіркелген жеріне қарамастан тізімде бар кез келген клиникадан алуға болады.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу