Түркістан облысында карантин күшейтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында карантин күшейтілді

15.04.2021

Түркістан облысында коронавирус пен вирусты пневмония жұқтырғандар саны көбеюіне байланысты карантин талаптары күшейтілді. Өңірдің бас санитар-дәрігері шығарған бүгінгі қаулыда түрлі спорттық іс-шаралар өткізу мен бильярд, боулинг, компъютерлік клубтарының қызметіне рұқсат жоқ. Түрлі ойын-сауық орталықтарындағы аттракциондардың жұмысы да тоқтатылады. Ал, қоғамдық тамақтану орындары таңғы сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін қызмет көрсете алады.

Бұған дейін рұқсат берілген жұма намазына және тарауих намазына, еске алу мен ауыз ашарлар өткізуге де тыйым салынды. Сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен жалпы барлық мемлекеттік мекемелердің кеңселік қызметкерлері 50%-ы қашықтықтан жұмыс істемек.  

Айнұр Ақбаева

карантин

Хабарламаларға жазылу