Қарағанды облысында 500 жылқыны сатып жіберген бақташылар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында 500 жылқыны сатып жіберген бақташылар ұсталды

15.04.2021

Қарағанды облысында 500 бас жылқыны жоқ қылған бақташылар ұсталды. Күдікті екі адам 2007 жылдан бері Шет ауданында жылқы баққан. Олар ен салынбай қосылған малдан түк қалдырмаған. Ал түлігін түгендеуге келгендерге үйірдегі кез келгенін көрсете салып отырған. Соғым алуға келсе, көзіне түскенін сойып берген. Мал иелері әр жылқыға айына мың жарым теңгеден төлеп бақтырған. Осылайша 50-ден аса адам сан соғып қалды. Тергеушілер 174 миллион теңгенің малы жоғалды, дейді. Полиция бұл жайт бойынша қылмыстық іс қозғады  

Қанағат Сайлауұлы, облыстық Полиция департаменті тергеу басқармасының тергеушісі:
Жылқыларды ақша керек болғандықтан басқа кісілерге сатып жібергені анықталды. Сол сатып жіберген кісілер тергеу барысында анықталып, айғақ заттар, жылқылар тәркіленді. Кейбір кісілер өз жылқыларын танымаған, түгендемеген. Тек сол жылқышылардың сөзіне ғана сеніп жүрген.

Руслан Нұрланұлы



Хабарламаларға жазылу