Ішкі істер министрлігі Қарағандыдағы оқиғаға қатысты брифинг өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ішкі істер министрлігі Қарағандыдағы оқиғаға қатысты брифинг өткізді

08.01.2019

ІІМ өкілдері жаңажылдық демалыс кезіндегі елдегі қылмыстық ахуал туралы айтып берді. Қаңтардың алғашқы аптасында 5 мыңнан астам заңбұзушылық болған. Оның ішінде қасақана адам өлтіруге қатысты 39 оқиға тіркелген.

Жаңа жылды жанжалмен бастап, елді елең еткізген Қарағандыдағы оқиға бойынша да мәлімет берілді. Желтоқсанның 31-нен қаңтардың 1-не қараған түні «Көне Рим» мейрамханасында бірнеше адам сөзге келіп, ұрыс соңы төбелеске ұласқан еді. Салдарынан бір азамат көз жұмып, үшеуі жарақат алған. Жалпы, сол түні мейрамханада мерекені 400-дей адам тойлаған. Ал, жанжалға қатысқандар - 14 адам. Оқиғадан соң 8 адам қамауға алынып, біреуіне іздеу жарияланды. Полицейлердің айтуынша, кикілжің демалып отырғандар мен мейрамхана қызметкерлері арасында туындаған.

Алмас Садубаев, ҚР ІІМ ресми өкілі:

- Бұл жерде ең басты мәселе: келушілер «музыканы сөндірмеңдер» деген талап қойған. Уақыт болса, таңғы 04:00. Сол себептен араларында ерегіс басталып кеткен. Шығып, өз достарына хабарласып, сол жерге қосымша азаматтарды шақырған. Қаза тапқан бала сол мейрамханада отырмаған, сырттан келген. Жалпы, бұл жерде ұлтаралық қақтығыс жоқ. Төбелесті шығарған жақ қана емес, екі жақ та жазаға тартылатын болады. Оның бәрі тергеу амалдары кезінде анықталатын болады. 

Альбина ӘШІМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу