Өткен тәулікте 2229 адам коронавирус жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өткен тәулікте 2229 адам коронавирус жұқтырған

14.04.2021

Енді эпидахуалға келсек, елімізде әлі 8 өңір «қызыл» аймақта тұр. Олар: Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары, сондай-ақ, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары. Ал, Шымкент қаласы, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстары «сары» аймақта. Бүгін Қостанай облысы «жасыл» аймаққа ауысты. Сондай-ақ, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында да жағдай тұрақты.

Дегенмен, кеше ел бойынша тағы 2229 адам вирус жұқтырған. Ал, вирустық инфекция белгілері бар пневмонияға 130 адам шалдығып, 5-еуі көз жұмған.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу