Қазыбек Иса: Алаш көсемінің атына лайықты көше берілсін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазыбек Иса: Алаш көсемінің атына лайықты көше берілсін

14.04.2021

Алаш көсемінің атына лайықты көше берілсін. Мәжіліс депутаты Қазыбек Исаның Үкіметке жолдаған депутаттық сауалының мәнісі осындай. Халық қалаулысы «Елорданың өзінде Бөкейханов көшесі орталықта емес, шетте орналасқан. Ол көшені көбінесе «Мәңгілік ел» көшесіндегі кептелістен қашқан жүргізушілер жақсы біледі», -деді. Ал, Алматыдағы Бөкейханов көшесі қала шетіндегі өндірістік аудандағы базар артындағы қуыста орналасқан. Бұл орайда ақ жолдық депутат, Елордада Тұран мен Сығанақ көшелерінің қиылысындағы бос тұрған алаңға «Алаш» аллеясын ашып, Әлихан ескерткіші мен Алаш қайраткерлері бюстерін орнатуды ұсынды. Әрі, еліміздегі барлық қалалардың орталығынан Әлихан Бөкейхан атына лайықты көше беріліп, Алаш алаңдарын ашуды сұрады.

Ғабит Бөкенбай


Хабарламаларға жазылу