АҚШ-та, Оңтүстік Африкада және Еуропа одағында Johnson & Johnson вакцинасын егу уақытша тоқтатылды. Себебі, Құрама Штаттарда оның 6,8 миллион дозасы салынғаннан кейін 6 адамның қаны ұйығаны белгілі болып отыр. Қазір осы фактілерге байланысты тергеу жүріп жатыр. Айта кетсек, бұған дейін Британияның AstraZeneca екпесіне де дәл осындай себеппен тыйым салынғаны белгілі.
Бүгінде жер шарының кемінде 160 мемлекетінде 800 миллионнан астам адам вакцина қабылдаған. Ал, өткен тәулікте коронавирус жұқтыру оқиғалары 61 елде көбейіп, ковид инфекциясына шалдыққандардың жалпы саны 137 миллионға жақындады.
Арыстан Рысбек