Алматыда «Ashyq» жобасы арқылы «қызыл» және «сары» мәртебесі бар 121 адам анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Ashyq» жобасы арқылы «қызыл» және «сары» мәртебесі бар 121 адам анықталды

14.04.2021

Ал Алматыда «Ashyq » жобасының арқасында 121 адамның «қызыл» және «сары» түсті мәртебемен жүргені анықталды. Бұл дегеніңіз - деректер базасында вирус жұқтырған боп тіркелгендер мен науқаспен байланыста болғандар деген сөз. Қазір қалада пилоттық жобаға фитнес, СПА орталықтар, боулинг және компьютер клубтары қатысып жатыр. Соңғы 4 күннің ішінде 121 адамның осы нысандарға кірмек болғаны белгілі болды. Енді бұл азаматтар 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл арқалайды. QR-код арқылы 110 тұрғынның «қызыл» түсті , ал 11 келушінің «сары» түсті мәртебеге ие екендігі анықталған. 

Жазира Оразқызы

Ashyq Алматы

Хабарламаларға жазылу