Ақтауда 3 мектеп қашықтан оқуға ауысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда 3 мектеп қашықтан оқуға ауысты

13.04.2021

Ақтауда 7 мұғалім мен 3 оқушыдан коронавирус инфекциясы анықталды. Олармен тығыз қарым-қатынаста болған ұстаздар мен оқушыларды қосқанда 100-ден астам адам үй карантиніне жіберілді. Соның салдарынан 2 бірдей мектеп қашықтан оқуға көшірілді. Науқастар 11-шағын аудандағы мамандандырылған IT- лицей мен нөмірі 7-ші мектеп-лицейден тіркелген. Сондай-ақ Маңғыстау ауданындағы Шетпе ауылында мектептің үш қызметкерінен вирус анықталып, оқу тегіс онлайн форматқа ауысты.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу