Әнші-сазгер Марат Омаров Шымкентте жасырын той өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әнші-сазгер Марат Омаров Шымкентте жасырын той өткізді

13.04.2021

«Коронавирус, кет» әнінің авторы, сазгер Марат Омаров карантиндік шектеуге қарамастан Шымкенттің қақ ортасында қыз ұзату тойын өткізген. 

Салтанатты думан шаңқай түсте Кең баба саябағының ішіндегі «Караван» мейрамханасында өткен. Әлеуметтік желіде жарияланған бейнематериалда той қонақтарының ішінде басқа да өнер жұлдыздары болған. Әнші-сазгердің заңсыз әрекеті туралы ақпарат ең алдымен санитарлық эпидемиологиялық қадағалау департаментіне жеткен. 

Сондай-ақ Шымкентте карантиндік шектеулерді елемей, жасырын жұмыс істеген ойынхана әшкере болды. Мобильді топ Қазыбек би көшесі бойындағы клубтың түнгі сағат 1.00-де компьютерлік ойындардың көрігін қыздырып жатқан үстінен түсті. Сол мезетте оның ішінде 19 жасасөспірім болған. Кәсіпкерлік нысанының иесін әкімшілік жазаға тарту үшін хаттама толтырылды. 

Ғани Қалмаханов

карантин той

Хабарламаларға жазылу