СҚО-да асыл тұқымды мал құтырма ауруына шалдықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-да асыл тұқымды мал құтырма ауруына шалдықты

12.04.2021

Солтүстік Қазақстанда асыл тұқымды мал құтырма ауруына шалдықты. Жұқпалы дерттің тіркелуіне байланысты «Атамекен Агро Тимирязево» серіктестігінде 60 күндік шектеу шаралары енгізілді. Шаруашылық ангус сиырларын өсіреді. Мамандардың айтуынша сиырға ауру түлкіден жұққан. Жабайы аң - шаруашылық аумағына кіріп кеткен. Ветеринарлық-санитарлық талаптарға сай індет ошағында залалсындандыру шаралары жүргізілді. Құтырма тіркелген аумақтарда 53 мың ірі-қараға вакцина салу жоспарланған.

 Берік Әлжанов, облыстық ветеринария басқармасының жетекшісі: 
Мал өлім-жітімге ұшырады. Келесі күні паталогиялық материал алынып, зертханаға жеткізілді. Құтыру ауруы дәлелденді. Қазіргі уақытта шаруашылықта басқа ауру мал тіркелген жоқ. Ауру малды өртеп жіберді.

Эльмира Кәленова


Хабарламаларға жазылу