Қытайдың коронавирусқа қарсы вакциналарының тиімділігі төмен. Қауіпті инфекциямен күрестегі пайдасын арттыру үшін оларды бір-бірімен араластыру мәселесі қарастырылып жатыр. Мұны Қытайдың Ауруларды бақылау және алдын-алу агенттігінің өкілдері мәлімдеді.
Айта кетсек, Бейжің әлем елдеріне жүздеген миллион екпе жіберіп, сол препараттарды өз халқына да салып жатыр.
Қытай бүгін өз тұрғындарын жаппай иммундауға жергілікті 5 вакцинаны қолданып жатыр. Олардың бірінің тиімділігі Бразилияда өткен сынақта 49 пайызды байқатты. Ал, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының талабы бойынша, бұл көрсеткіш 50 пайыздан кем болмауы керек. Және де қытайлық екпелер тиімділігі жағынан Pfizer және Moderna вакциналарынан осалдау деген мәлімет тарап отыр.
Арыстан Рысбек