Қазақстанда КВИ жұқтырғандар саны 3 есе өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда КВИ жұқтырғандар саны 3 есе өсті

12.04.2021

Коронавирустың таралу көрсеткіші өткен аймен салыстырғанда бірнеше есе өсіп кетті. Қазір инфекциялық ауруханалар 41 пайызға толған. Ал жансақтау бөлімінде жатқандардың саны 2,4 есе артты. Мұндай деректерді үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты. 

 Оңғар Алпысбайұлы, тілші:
Сәуір ауыр болып тұр. Айдың басынан бастап 25 мыңға жуық адамнан вирус анықталған. Бұл 1 ай бұрынғы көрсеткештін 3 есе көп. Өсім барлық өңірде байқалып отыр. Шамамен күніне 2800 адам індет жұқтырып жатыр. Вирустан қаза тапқандар саны да 1,4 есе өсіп кеткен. Қайтқан адамдардың басым бөлігі Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы облысының тұрғындары. Өсім қарқынын бәсеңдету үшін министр екпе салуды жеделдетеміз деп отыр. 
Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
1ақпаннан бастап өңірлерге 611 мың вакцина дозаса жеткізілген. Ертең тағы 300 мың доза жеткізіледі. Осы сәуір айының ішінде өңірлерге тағы 1 млн 400 мың вакцина таратамыз деп жоспарлап отырмыз. Осылайша сәуірде 2 млн адамға екпе салуға мүмкін болады. Ал қыркүйек айына дейін 10 млн адамға вакцина салуды жоспарлап отырмыз. Бұл екпе алуы тиіс адамдардың 100 пайызы. 
 Оңғар Алпысбайұлы, тілші:
Қазір екпе алуға электронды үкімет порталы арқылы жазылуға болады. Өзіңіз тіркелген емханаға өтініш қалдырсаңыз дәрігер уақытын белгілейді. Ол да электронды үкіметтегі жеке кабинетіңізде көрініп тұрады. 
коронавирус Үкімет

Хабарламаларға жазылу