Жамбыл облысына қарасты Жамбыл ауданында газ өңдеу зауытында жарылыс болып, екі адам зардап шекті. Оқиға таңғы сағат сегіз жарымда тіркелді. Мұнайды қыздыратын пешті қосқан бойда түтін шығатын құбырда жарылыс болған. Денесін күйік шалған екі азаматты жедел жәрдем бригадасының қызметкерлері аудандық орталық ауруханаға жеткізген. Дәрігерлердің айтуынша, науқастардың жағдайы ауыр, денелерінің 35-40 пайызын күйік шалған. Олар санавиация көмегімен Тараздағы № қалалық аурухананың күйік шалу орталығына жеткізілді
Нұрлан Кезембаев, аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары:
- Жедел жәрдем бригадасымен екі науқасты алып келді. Біреуі Әділбеков Артур 31 жаста және екіншісі Сейсенбеков Ернар 23 жасар. Екеуінің де жағдайлары ауыр, 40 пайызға дейін денелерін күйік шалған.
Сәбит ӘЛДЕБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.