Қаржы ұйымдары 800 мың теңгеге жуық жалған ақшаны айналымнан шығарған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаржы ұйымдары 800 мың теңгеге жуық жалған ақшаны айналымнан шығарған

09.04.2021

Жалған ақша жасаушылар да көбейіп барады. Ұлттық банктің мәліметі бойынша жыл басынан бері қаржы ұйымдары 800 мың теңгеге жуық жалған ақшаны айналымнан шығарған. Бұл былтырдың осы кезімен салыстырғанда сәл көбірек. Заңсыз жасалған купюраның басым бөлігі 2 мың теңгелік. Ал 23 пайызы 5 мың теңгелік. 10 мыңдық банкнот аз жасалған. Айта кетейін алдыңғы жылы банктер 6 миллион, ал былтыр 3 миллион теңге жалған ақша анықтаған. Ал құқық қорғау органдары әшкере етіп, көзін жойған банкноттар миллиондармен саналады. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу