Баспананы сату-сатып алу саны рекорд жаңартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Баспананы сату-сатып алу саны рекорд жаңартты

09.04.2021

Елімізде баспананы сату-сатып алу саны кезекті рет рекорд жаңартты. Ұлттық статистика бюросының дерегінше наурызда 53 мыңға жуық жылжымайтын мүлік сатылған.

Келісімшарт саны ақпанмен салыстырғанда 23 пайызға, ал былтырдың ақпанымен салыстырғанда екі жарым есе көп. Пәтер сатып алушылар әсіресе Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Маңғыстау, Қарағанды және Алматы облыстарында белсенді.

Нарықтың жандануына зейнетақы қорындағы қаржының баспанаға деп берілуі себеп. Қордың хабарлауынша осы уақытқа дейін 200 мыңға жуық өтініш мақұлданып, тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін берілген қаржы 1 триллион теңгеден асып кеткен.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу