«Әл-Фараби» телехикаясы Рамазан айы кезінде Араб елдерінде көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әл-Фараби» телехикаясы Рамазан айы кезінде Араб елдерінде көрсетіледі

09.04.2021

Ұлттық арна түсірген «Әл-Фараби» телехикаясы Рамазан айы кезінде Араб елдерінде көрсетілмек.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Араб елдерінің көрермендеріне контент ұсынатын «NoorPlay» атты меди-аплатформамен келісімшартқа қол қойды. Оның аясында медиа-платформа «Әл-Фараби», «Орбұлақ шайқасы», «Тар заман», «Кейкі Мерген» сериалдарының көрсетілім құқығын сатып алды. Ал, Ораза басталғанда көрермендерге «Әл-Фараби» туындысын ұсынуды жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде хикаяның трейлері араб тіліндегі субтитрмен веб-парақшаға жүктеліп, көрермендердің қызығушылығын тудырған. Сондықтан, платформа телехикаяны араб тіліне аударып, дубляж жасауды да көздеп отыр.

Амангелді Сейітхан


Хабарламаларға жазылу