Нан бағасын тұрақтандыруға 2,6 млрд теңге жұмсалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нан бағасын тұрақтандыруға 2,6 млрд теңге жұмсалады

09.04.2021

Елімізде нан бағасын тұрақтандыруға екі жарым миллиард теңге жұмсалмақ. Ауыл шаруашлығы министрлігі бұл қаржыны ұн өндіруші кәсіпорындарға үлестіруді жоспарлап отыр. Олр өз кезегінде бағаны қымбаттатпау жайында келісімге келуі керек. Ал қаржы наубайларға өнімді тасымалдау шығындарын жабу үшін берілмек. Бұл бағаның өсуін тоқтатуға мүмкіндік береді дейді жауаптылар. Айта кетейік, былтырдан бері ұн 20 пайызға қымбаттаған. Соның кесірінен ұн өнімдерінің құны да сәл көтерілген еді.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу