Өткен тәулікте 2440 адам коронавирус жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өткен тәулікте 2440 адам коронавирус жұқтырған

09.04.2021

Қазақстанның басым көпшілік өңірі «қызыл» және «сары» аймаққа өтті. Қызыл тізімде 8 аймақ бар, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары және Ақмола, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан мен Алматы облыстары. Ал, «сары»  аймақта Шымкент қаласы мен Павлодар, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстары тұр. Қалған өңірлер «жасыл» аймақта.

Кеше коронавируспен ауырғандар саны тағы күрт өсті. 2440 адам вирус жұқтырып, өкінішке қарай 19 адам қайтыс болды. Ал, вирустық инфекция белгілері бар пневмонияға 104 адам шалдығып, 3 адам көз жұмды.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу