Мемлекет басшысы жолдардың сапасын cынға алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы жолдардың сапасын cынға алды

09.04.2021

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі жол сапасын сынға алды.

«Еліміздегі республикалық және жергілікті жолдардың жағдайына қатысты азаматтардың айтып жүрген сыны орынды. Сапасыз жасалған жол жыл сайын жөндеуді қажет етеді және бұған мемлекеттің қаржысы тиімсіз жұмсалып жатыр. Үкіметке, әкімдер мен құқық қорғау органдарына жағдайды реттеу үшін жүйелі шаралар қабылдап, оның есебін беруді тапсырдым», - деп жазды Тоқаев Тwitter-парақшасында. 

Ақниет Балтанова

Хабарламаларға жазылу