Аягөздегі әскери бөлім қызметкері 26 млн теңгеден астам мемлекет қаржысын талан-тараж еткені үшін сотталды. Подполковник шешіндегі басшы әскери бөлімдерге техникалық күзет құралдарын орнатумен айналысқан медрігер мекемемен сыбайлас болған. Әскери бөлім бастығы аяқталмаған жұмыстарды қабылдап алған. Ол үшін сыйақы алған. Осылайша қыруар қаржының бей-берекет жұмсалуына жол берген. Тергеу барысында ол кінәсін толық мойындады. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, 4 жылға бас еркінен айырылды.
Медет Кунсииров, Шығыс өңірлік әскери тергеу басқармасының тергеушісі:
«Семей» гарнизонынынң әскери сотының үкімімен, әскери қызметші, ҚР Қылмыстық кодексінің 450-ші бабаның 2-ші бөлігінде көрсетіген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны бойынша, кінәлі деп танылып 4 жылға бас бостандығынан айырылған.
Е.ржан Жақып