Ақмола облысында карантиндік шектеу шаралары күшейтілді. Себебі өңірде вирустың таралуы 5-інші сәуірден бері күрт артты. Облыста азық-түліктік емес сауда орындары, фитнес орталықтары, бассейндер, сауналар сенбі, жексенбі жұмыс істемейді. Қоғамдық тамақтану орындарының, азық-түлік сататын дүкендерді түнгі оға дейін ғана ашық тұрады. Театрлардың, көңіл көтеру орындарының қызметіне мүлдем тыйым салынды. Көпшілік іс-шараларды өткізбеу талабы сол қалпы қалды. Бұл шектеулер 11-інші сәуірден бастап күшіне енеді. Соңғы бір аптада инфекция жұқтыру 1,6 есе өскен. Өткен тәулікте 101 адамның ауру жұқтырғаны анықталды. Облыста екпе салу жалғасып жатыр.
Айнагүл Мусина, облыстық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:
Екпе салатын орталықтар бар сауда орындарына шектеу енгізілмейді. Бізде мұндай сауда-ойын-сауық орталығы Көкшетауда ғана бар. Ол жұмыс істейді. Тұрғындар келіп вакцина салдыра алады. Осы уақытқа дейін облыста 9 мыңнан астам адам екпе қабылдады. Кеше тағы 11 мың доза вакцина жеткізілді.
Ермек Елберген