Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналым 20 пайызға өскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналым 20 пайызға өскен

08.04.2021

Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналым 20 пайызға өскен. Көрші елдің еліміздегі бас консулдығының хабарлауынша қаңтар-ақпан айларындағы сауда көлемі 3,5 миллиард долларға жеткен. Қазақстаннан Қытайға 1 миллиард 700 миллионның, ал Қытайдан Қазақстанға 1 миллиард 800 миллион доллардың тауары тасымалданған. Консулдың айтуынша мұндай көрсеткіш алғаш рет тіркеліп отыр.

Десе де шекарадағы жағдайға қарап бұған сену қиын. Қазір Қытай тарапы темір жол арқылы жүкті өте баяу қабылдап жатыр. Достық станциясында кезек күткен вагондар тым көбейіп кетсен соң, Қазақстан темір жолы тауар тасымалына шектеу қойған еді. Тіпті 700-ге жуық вагондағы жүкті кері қайтаруға тура келген.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу