Елордалықтар үйіне газ тарту үшін пайызсыз несие ала алады. Нұр-Сұлтан әкімдігі Мемлекет басшысының бас қаланы газдандыру жөніндегі тапсырмасын орындау үшін арнайы әлеуметтік жобаны іске қоспақ. Оған сай, астаналықтар 750 мың теңгеге дейінгі соманы 18 айға 0%-бен ала алады. Бірақ процентсіз қарыз алғашқы 100 абонентке берілмек. Ал одан кейінгілері арзан несие рәсімдей алады. Бұл қарқынды өсіп жатқан қаланың атмосферасын жақсартуға сеп болады дейді мамандар.
Досжан Маратұлы