Алматыдан Ташкентке жету жеңілдей түсті. Тұңғыш рет қос мемлекетті байланыстыратын жаңа теміржол желісі ашылды. Екі ел басшысының келісімі негізінде жүзеге асқан жоба жолаушылар үшін өте ыңғайлы. Қазақстанда құрастырылған «Тұлпар-Тальго» пойызы да халықаралық талаптарға сай. 29 вагоннан құралған отарба аптасына екі рет қатынайды.
Мирас МҰҚАШ