Павлодардағы қарттар үйінің тұрғындары вакцина алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодардағы қарттар үйінің тұрғындары вакцина алды

08.04.2021

Павлодардағы қарттар үйінің тұрғындары түгелдей коронавирусқа қарсы вакцина салуға ниет білдірді. Бірақ екпені бұндағы 229 адамның бәріне бірдей жасау мүмкін болған жоқ. Оған егде жастағы адамдардың денсаулығындағы кінәрәт себеп. Бейбіт Боранбайұлының зайыбы алғашқылардың бірі болып вакцина салдыруға өтінші жасаған. Бірақ созылмалы дертіне байланысты дәрігерлер рұқсат бермей қойды. Ал отағасы дәрігерлік байқаудан кедергісіз өтті. 

Бейбіт Ақылбеков, қарттар үйінің тұрғыны:
Вакцина аламын деп шештім, сол дұрыс деп. Осы індеттен тезірек құтылайық!

«Спутник V» препаратының алғашқы 50 дозасын 4-ші емхананың көшпелі бригадасы әкелді. Ертең тағы 50 адамға салынады. Бір айта кетері, мемлекеттік мекеме тұрғындары короновирус тарала бастағалы мейлінше оқшауланды. Себебі қарт адамдар инфекцияны тез жұқтырады.   

Гүлсім Әділханова, Қарттар мен мүгедектерге арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының терапевті:
Бізде осында тұрып жатырмыз. Жыл бойына бірде-бір жағдай болған жоқ короновируспен ауырған. Мен ойлаймын бұнын бәрі қадағалап, бақылағанымыздың арқасы деп.

Болат Аманбаев

вакцина

Хабарламаларға жазылу