Маңғыстауда індетпен күрескен дәрігерлерге арналған 30 млн теңге әкімшілік қызметкерлерге заңсыз төленген. Облыстық аурухана басшылығы мемлекеттін бөлінген біржолғы үстемақыны аурудың ошағында қызмет еткен медицина мамандарына емес, есепшілер мен кадр бөлімінің қызметкерлеріне аударып жіберген. Заңсыз үстемақы алған 14 адам белгілі болды. Олардың әрқайсысына 425 мың, 850 мың теңгеден үстемақы төленген. Қазір заңсыздыққа жол берген басшылардың іс-әрекеттері тергеліп жатыр.
Имаммағзұм Шагирбаев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі маңғыстау облысы бойынша департаментінің тергеушісі:
Маңғыстау облысы әкімдігі мен Денсаулық сақтау басқармасына заңбұзушылық мән-жайын жою жөнінде ұсыныстар енгізілді. Ұсынымды қарау нәтижесінде Маңғыс облысы ауруханасының қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Аягөз Оралбайқызы