Кәсіпкерлерді қолдау шаралары қаралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпкерлерді қолдау шаралары қаралды

07.04.2021

Кәсіпкерлерден салықтық және кедендік қарызды мәжбүрлеп өндіру шаралары уақытша тоқтатылады. Бүгін премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында осындай шешім қабылданды. Сондай-ақ бизнеске жүктемені азайту, қаржыландыру бойынша 24 шарадан тұратын жаңа топтама бекітілді. Ол салықтық және несие төлемдерін кейінге шегеру секілді жеңілдіктер. Әрі экономиканың зардап шеккен секторларын субсидиялау кезеңі 1 шілдеге дейін ұзартылмақ.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу