Биыл еліміздің жалпы ішкі өнімі 3,2 пайызға өсуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл еліміздің жалпы ішкі өнімі 3,2 пайызға өсуі мүмкін

07.04.2021

Биыл еліміздің жалпы ішкі өнімі 3,2 пайызға өсуі мүмкін. Халықаралық қаржы қоры Қазақстан экономикасының қалпына келуіне қатысты болжамын жақсартты. Сарапшылардың есебінше ел экономикасы биыл 3,2 процентке өседі. Инфляция деңгейі 6,2 пайыз шамасында болады деп болжанып отыр. Ал 2022 жылы өсім арта түседі. Ол кезде жалпы ішкі өнім 4 пайызға жетуі мүмкін. Инфляция да 4 процент көлемінде болады делінген. Десе де болжамдар эпидахуалға байланысты өзгеруі мүмкін дейді мамандар. Айта кетейік былтыр ел экономикасы 2,6 пайызға төмендеп, инфляция 7,5 процентке дейін шарықтаған еді. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу