Forbes-тің ең бай адамдар рейтингіне тағы 3 Қазақстан азаматы енді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Forbes-тің ең бай адамдар рейтингіне тағы 3 Қазақстан азаматы енді

07.04.2021
Forbes журналы әлемдегі бай адамдардың тізімін жаңартты. Оған тағы үш қазақстандық еніп отыр. Олар Kaspi.kz -тің негізін қалаушылар Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе. Екеуінің де байлығы 3 миллиард доллардан жоғары бағаланып отыр. Бірі 925, екіншісі 956-орында. Ал жаңадан енген үшінші миллиардер Freedom Holding компаниясының қожайыны Тимур Турлов. Дәулеті 2 миллиард 200 миллион доллар.
Бұған дейін Владимир Ким, Болат Өтемұратов секілді төрт отандасымыз әлемдік байлардың тізіміне енген еді. Осылайша Forbes-тағы қазақ олигархтарының саны жетіге жетті.
Ал әлемдегі ең бай адам Аmazon-ның негізін қалаушы Джефф Безос, одан кейін Илон Маск пен Louis Vuitton-ның президенті Бернар Арно орналасқан.

Досжан Маратұлы
Forbes

Хабарламаларға жазылу