Өткен тәулікте 2080 адам коронавирус жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өткен тәулікте 2080 адам коронавирус жұқтырған

07.04.2021

Енді эпидахуалға келсек, елімізде «қызыл» аймаққа енген өңірлер саны 8-ге жетті. Бүгін «қызыл» тізімге Қарағанды облысы қосылды. Бұдан бөлек Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Алматы облыстары тұр. Ал, «сары» аймақта Шымкент қаласы. Қалған өңірлерде жағдай тұрақты. 

Кеше коронавирусты тағы 2080 адамның жұқтырғаны расталды. Өкінішке қарай 31 адам көз жұмды. Ал, вирустық инфекция белгілері бар пневмонияға 116 адам шалдығып, 4 науқас қайтыс болған.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу