Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерге жанкешті еңбегі үшін алғыс айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерге жанкешті еңбегі үшін алғыс айтты

07.04.2021

Бүгін Дүниежүзілік денсаулық күні. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пандемияның алғашқы күнінен бастап вирусқа қарсы күрестің алғы шебінде жүрген барша дәрігерлерге алғыс айтты. Президент твиттердегі парақшасында:

«Қолжетімді және сапалы медицина жүйесі–жалпыұлттық басымдық. 2020 жылдан бастап медицина саласын қаржыландыру 1,5 есеге көбейді. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап сала қызметкерлерінің жалақысы көтерілді. Азаматтардың денсаулығын қорғаудағы жанкешті еңбегі үшін дәрігерлерге ризашылығымды білдіремін.»-деп жазды.

Амангелді Сейітхан


Хабарламаларға жазылу