Мемлекет басшысы ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілді қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілді қабылдады

07.04.2021

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жаңадан тағайындалған арнаулы өкіл Ержан Қазыхановты қабылдады. Кездесуде Президент жаһандық жағдайдың жылдам өзгеруі кезінде халықаралық ынтымақтастық мәселесіне ел басшылығы тарапынан ерекше назар аударылатынын атап өтті. Әрі арнаулы өкіл қызметінің басты басымдықтары ретінде пандемеяның ауыр салдарын еңсеру, ұлттық экономиканы және әлеуметтік саланы жедел қалпына келтіру мақсатында сыртқы ресурстарды тарту үшін шетелдік әріптестермен тығыз байланыстарды арттыру қажеттігіне тоқтады. Сонымен қатар Ержан Қазыхановқа гуманитарлық сала, климат дипломатиясы, Қазақстанның негізгі сыртқы саяси бастамаларын ілгерілету сияқты халықаралық ынтымақтастықтағы маңызды міндеттер жүктелді.


Хабарламаларға жазылу