Конгода 27,3 миллион адам аштыққа ұшырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Конгода 27,3 миллион адам аштыққа ұшырады

07.04.2021

Конго Демократиялық Республикасында 27,3 миллион адам аштыққа ұшырап отыр. Яғни, жергіліктің тұрғындардың үштен бірі дереу тағамға зәру. Мұны Біріккен Ұлттар Ұйымы мәлімдеп, донор мемлекеттерді биыл Орталық Африкада орналасқан елге 662 миллион доллар шұғыл көмек бөлуге шақырды. 

«Конго Демократиялық Республикасын жайлаған аштықтың ауқымы таңқалдырады», - дейді БҰҰ-ның өкілі Томсон Пири Женевада өткен брифингінде.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу