Венада АҚШ-ты ядролық келісімге қайтару туралы келіссөздер басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Венада АҚШ-ты ядролық келісімге қайтару туралы келіссөздер басталды

07.04.2021

Венада Иранмен 2015 жылы жасалған ядролық келісімге АқШ-ты қайтару туралы келіссөздер басталды.Оған Тегерамен мен Вашингтонннан ғана емес, Ұлыбритания, Қытай, Ресей, Франция, Германия, Еуропа одағынан да өкілдер қатысып жатыр.

Айта кетсек, Дональд Трамп әкімшілігі бұл пәтуадан Американы 2018 жылы шығарды. Ал жаңа президент Джон Байден келісімге құрама Штаттардың оралғанын қалайды. Бірақ ол үшін Тегеранға жарияланған экономикалық санкциялар алынып тасталуы керек.  

Ислам Республикасы болса, бұл талабы орындалмаса, уран байытуды тоқтатпайтынын және АҚШ-пен тікелей диалогқа бармайтынын ескертіп отыр. Сондықтан екі жақтың делегаттары Австрия астанасында бетпе-бет емес, делдалдар арқылы сөйлесіп жатыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу