Алматыда өткен тәулікте бес мыңға жуық адам коронавирусқа қарсы екпе салдырды. Ал соңғы аптада өз еріктерімен екпе алғандардың саны 40 мыңнан асты. Жаппай вакцинациялау сәуірдің 9-ынан басталады деп жоспарланған. Қазір қаладағы емханаларда екпе салдыруға ниетті барлық келушілер тіркеуге алынып жатыр.
Бүгінде Алматыға 34 900 доза екпе жеткізілді. Әлі де 6 мыңнан аса доза бар. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі созылмалы ауруы бар науқастарға, жүкті әйелдерге, балаларға, онкологиялық ауруы бар науқастарға вакцина салдыруға болмайтынын айтты.
Қуан Нұрақын