Атырау облысында балабақша тәрбиешісі бүлдіршінді шашынан сүйреген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында балабақша тәрбиешісі бүлдіршінді шашынан сүйреген

07.04.2021

Балабақшадағы бүлдіршіннің шашынан сүйреген 21 жастағы тәрбиешіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиға Атырау облысының Жаңа Қаратон елді мекеніндегі «Балдырған» бөбекжайында болған. Келеңсіз жағдайды баласы шағым айтып келген ата-ана, бейнебақылаудағы жазбаны тексеру кезінде анықтаған. Бейнежазбада балабақша қызметкері бүлдіршіннің қасына жақындайды да басынан ұрып шашынан сүйрейді. Қазір тәрбиеші жұмыстан уақытша шеттетілді. Білім бөлімінен арнайы комиссия құрылды. Ал полицейлер сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Гүлжансара Таңатарова, Жылыой аудандық Білім бөлімі басшысының орынбасары:
Әлеуметтік желіге жарияланған видеоның әрбір минутын, әрбір секунтын қарап жатырмыз. Қазір біз тәрбиешінің тарапынан да, балабақша меңгерушісінің уақытша қызметі лауазымындағы адамнан да, әдіскерлер, жалпы барлық қызметкерлер тарапынан жеке-жеке түсініктеме алып жатырмыз. Қазір қортындысын шығару әлі ерте, себебі зерделеу комиссиясы жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу