Түркістандық полицейлер бірнеше ауданда өткен көкпар ойынын тоқтатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістандық полицейлер бірнеше ауданда өткен көкпар ойынын тоқтатты

06.04.2021

Шымкентте карантин талаптарын елемей жасырын жұмыс істеген компьютер клубының әрекеті әшкере болды. Мобильді топ мүшелері барған сәтте клубта 40-қа жуық адам компьютер ойнап отырған. Санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтамаған. Осы жәйтқа байланысты полция қызметкерлері кәсіпкерді әкімшілік жазаға тарту үшін хаттама толтырды.

Ал түркістандық полицейлер бірнеше ауданда өткен көкпар ойынын тоқтатты. Кезекті рейд барысында олар Ордабасы ауданында «Бата көкпарға» жиналған 200-дей адамды тарқатты. Арқаланған шабандоздар тыйым салынғанына қарамастан шаңқай түсте атқа мініп, додаға түскен. Сондай-ақ сол күні полицейлер Отырар ауданында жасырын ұйымдастырылған көкпарды да тоқтатты. Ол жерге 150-ге тарт адам жиналған.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу