Ақмола облысы коронавирус инфекциясының таралуы бойынша «қызыл» аймақ қатарына қосылды. Өткен тәулікте өңірде 60 адамның індетті жұқтырғаны анықталды.
Ермек Елберген, тілші:
Облыстағы ахуал Нұр-Сұлтан қаласы маңында орналасқан аудандардағы жағдайдың қиындауымен нашарлады. Елордаға іргелес Аршалы, Астрахан, Ерейментау, Целиноград, Шортанды аудандарында індетті жұқтырғандар күрт көбейді. Мамандар мұны дерттің Нұр-Сұлтан қаласында өршіп тұрғандығымен байланыстарады.
Өңірде өткен аптада күніне 40-50 науқас анықталса, кеше 60 адамның ауру жұқтырғаны белгілі болды. Оның 18-і 14 жасқа толмаған балалар. Араларында 11 оқушы бар. Олардың екеуі дәстүрлі түрде білім алып жүргендер. Енді сол оқушылар оқыған сыныптар карантинге жабылды. Облыста осы уақытқа дейін 8 мыңға жуық адам екпе алды. Қазір 2 мың доза вакцина бар. Жақын арада тағы 24 мың доза жеткізілмек.